Жаңа жылда жаңа күн басталады
Наурыз – халқымыздың салт-дәстүрі мен құндылықтарының жаңғыратын, жаңа күннің бастуы, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
Жаңа жылда жаңа күн басталады. Табиғата жаңарады. Әр отбасы жақсылық күтеді.
Наурыз мейрамы – терең рухани-мәдени мәнге толы, жаңару мен жасампаздықтың бастауына айналған, қоғамның бірлігі мен ұлт ынтымағын нығайтатын ұлттық мереке.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл Наурыз мейрамы жаңа форматта тойлана бастады. 14 наурызда «Наурызнамa» онкүндігі басталды. Мерекенің жаңа форматы бізге қазақ мәдениетінің байлығы мен халқының алуан түрлілігіне назар аударуға, дәстүр-салтымызды жаңғыртуға мүмкіндік береді.
Наурыз – әр қазақстандық үшін көктемгі жаңару, махаббат пен достық, бірлік пен үйлесімділік салтанат құратын мейрам.