Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Мәскеудегі «Крокус Сити холл» концерт залында атыс болды (видео)

Мәскеудегі «Крокус Сити холл» концерт залында атыс болды (видео)
belros.tv теракт
Қазірге бейресми ақпарат бойынша 15 адам мерт болған

Красногорск қаласындағы «Крокус Сити холл» ғимаратында белгісіз біреулер атыс ұйымдастырды. Қазір адамдар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр. Бұл туралы ТАСС агенттігі жазды.

«Белгісіз біреулер «Крокус Сити холл» ғимаратына оқ жаудырды. Қазір адамдар эвакуацияланып жатыр», - делінген хабарламада.

Алдын ала болжам бойынша, оқ автоматтан атылуы мүмкін. Белгілі болғандай, бұл кезде «Пикник» тобының концерті болып жатқан.

ТАСС агенттігіне оқиға куәгерлері атыстан зардап шеккендер мен жараланғандар бар екенін хабарлады.

Оқиға орнына мәскеулік Арнайы жедел әрекет ету отряды мен арнайы жасақ және өрт сөндірушілер шұғыл жетті.

Атыс кезінде музыканттар зардап шеккен жоқ, деп хабарлады ТАСС агенттігіне құқық қорғау органдары

Мәскеу облысының губернаторы Андрей Воробьев жедел штаб құрылғанын хабарлады.

 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар