Қандай жағдайда ұстаған ораза бұзылатыны айтылды
Адам денесіне дәрі егу де оразаның бұзылуына себеп бола алады.
Рамазан айының ерекшелігі сол, мүміндер бұл кезде бір ай бойы ораза ұстайды. Осы орайда muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған KYN.KZ тілшісі оразаны бұзатын жағдайлар туралы мәлімет ұсынды.
Оразаны не бұзады?
- Әдейі бір нәрсені жеп-ішу;
- Темекі шегу, насыбай ату, дәрі ішу, құрамында нәрлі заттары бар укол қабылдау;
- Аузындағы жаңбыр тамшыларын әдейі жұту; Бұл жайлы мына хадисте айтылған: «Ораза кірген нәрселерден ғана бұзылады, шыққаннан емес».
- Әйелімен жақындасу (яғни, таң намазынан ақшам намазына дейін жақындасу оразаны бұзады);
- Cебепсіз қорек немесе қоректік қасиеті бар барлық заттарды біле тұра әдейілеп жеу оразаны бұзады;
Мұндай жағдайларда каффарат оразасын ұстау қажет. (Каффарат деп – рамазан айының оразасын себепсізден-себепсіз біле тұра бұзып жіберсе, екі ай ораза ұстауды, оған шамасы келмесе алпыс кедейді тамақтандырып, тойғызуды айтады).