Денсаулық

Кімдерге ораза ұстамауға болатыны айтылды

Оразаны мүлде ұстамауға болатын жағдайлар да бар.

Әр мұсылман ораза ұстап бес парызын түгендеуге тырысады. Дінде кей азаматтардың ораза ұстамай жүруіне болатын ережелер бар. KYN.KZ  тілшісі кімдерге ораза ұстамауға болатынын атады.

- Жолаушылық; (сапарда ауыз бекітпеуге болады, бірақ басқа күндерде санын толтырып ораза ұстайды).

- Жүктілік пен бала емізу; (егер денсаулығы мен баласына зиян келуден қорықса, ораза ұстамай кейін қазасын өтесе болады).

- Ауру-сырқау; (сенімді дәрігер ораза денсаулығына зиян тигізетінін жан-жақты анықтап барып айтса, жазылған соң ұстауға болады).

- Кәрілік; (қартайып оразаны денсаулығы көтермейтін кісілер бір кедейдің таңғы және кешкі асын беріп тойдырады. Оған шамасы келмесе тәубе етеді).

• Хайыз (етеккір) бен нифас; (бір әйел ораза кезінде етеккір көрсе немесе босанса ораза бұзылады. Мұндай жағдайда тоқтаған соң қазасын өтейді).