"Тереңдігі шамамен 10-15 см": Ақтөбеде ойнап жүрген 4 жасар бала қайтыс болды
Оның жанында болған тағы бір бала дін аман.
Оқыс оқиға Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Ебейті ауылында болған. Ойнап жүрген бала құлап кетіп, көп су жұтып қойған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Оқиға кеше сағат 13:00 шамасында тіркелді.
Ебейті ауылының жанында Ебейті сайы бар. Оған қар суы жиналып жатыр. Бүгін 2020 жылы туған 4 жасар бала суға батып, қайтыс болды. Балалар сол маңда ойнаған, - деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Оның жанында болған тағы бір бала дін аман. Байғанин ауданының әкімі Айбек Көпеновтің айтуынша, сай ауылдан 150 метр жерде орналасқан, тереңдігі шамамен 10-15 см болады. Ол жерде ауылдағы ағайында