Қоғам
Алматыда тауға серуенге шыққан 19 жастағы екі жігіт адасып кетті
- автор Томирис Тоныкөк
- 25 наурыз, 2024
- 652
Олар өздерінің қай жерде екенін видеоға түсіріп, құтқарушыларға хабарласқан.
Алматыда тауға серуенге шыққан 19 жастағы екі жігіт адасып қалған. Олар өздерінің қай жерде екенін видеоға түсіріп, құтқарушыларға хабарласқан, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
Malim.kz-тің мәліметінше, Алматыда тауға серуенге шыққан 19 жастағы екі жігіт адасып қалған. Олар өздерінің қай жерде екенін видеоға түсіріп, құтқарушыларға хабарласқан. Бұл туралы Төтенше жағдай министрлігі хабарлады.
Министрлік мәліметінше, Медеу ауданы, Үлкен Алматы шатқалында іздестіру-құтқару жұмыстары басталған. Оған 4 құтқарушы мен бір кинологиялық топ жұмылдырылған.
Төтенше жағдайлар министрлігі қала тұрғындары мен қонақтарды тауға серуенге шығу қауіпті екенін ескертеді. Оқыс жағдай туындағанда, 112 номеріне қоңырау шалу қажеттігін айтады.