Қоғам

Электр сымдарын абайлаңыз: Жамбыл облысында 48 бас мал қырылды

ТЖМ электр сымдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.

Жамбыл облысының Қаратас ауылында жеке тұрғын үйдің аумағында қора өртенді, деп жазады KYN.KZ ақпарат порталы Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Өрт 220 шаршы метр аумақты алған. Салдарынан 47 бас ұсақ мал мен 1 жылқы өлген. Жергілікті ТЖД өрт сөндірушілері 50 минут ішінде өртті өшіріп үлгеріпті. Барлығы 7 құтқарушы және 2 бірлік техника жұмыс істеген.

ТЖМ электр сымдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.