Мәдениет

"Шыдамның да шегі бар": Аида Кауменова 2 күйеуінен қалай ажырасқанын баяндады (видео)

Мені қатты жақсы көретін - Кауменова.

Қазақстандық өнер жұлдыздарының сахналық әрі күнделікті киімдерінің үлгісін жасап шығаратын, танымал дизайнер Аида Кауменова жеке өмірі жайлы сыр шертті, деп жазады KYN.KZ тілшісі.

Кауменова "Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасына берген сұхбатында алғаш келіп боп түскен жылдарын еске алып, енесімен қарым-қатынасы жайлы әңгіме қылды.

"Екінші рет Шымкент жаққа тұрмысқа шықтым. Күйеуімнің ата-анасы өте жақсы адамдар болды. Мені қатты жақсы көретін. Мен ерке келін болдым. Таңертен тұрсам, анам өзі тамақ жасап жүретін. Анам екеуміз жақсы қарым-қатынаста болдық. Мінезі қатал болса да өте ақылды кісі еді. Бірінші рет тұрмысқа шыққанда келіндік қызметті толықтай атқардым деп айта алмаймын. Алғашқы күйеуіме 30 жасымда, екіншісіне 40 жасымда шықтым", - деді Кауменова.

Сонымен қатар ол екінші некелескен ерімен 4 жыл тұрып, кейін түсінісе алмай, жолдарын екіге айырғанын баяндады.

 "Өмір болғаннан кейін солай болды, екіге айырылдық. Қазір мүлдем араласпаймыз. Мен негізі, шыдамды адаммын. Көп нәрсеге шыдаймын. Бірақ, шыдам шегіне жеткенде кері шегіне алмаймын. Әйел көп нәрсені кешіре алады, бірақ оны ешқашан ұмытпайды. Ұмытса сол қателікке қайта ұрынуы мүмкін. Әйелдің бақыты тек ер адаммен байланысты емес. Әйелге де қолдау керек", – деді сәнгер сұхбатында.