Спорт

Боксшы Бекзат Таңатаров Әзербайжанда өтіп жатқан турнирде жеңіске жетті

Таңатаров өзбекстандық Самандар Джалоловты жеңді.

Қазақстан құрамасының спортшысы Бекзат Таңатар Баку қаласында өтіп жатқан “Ұлы жібек жолы” турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат порталы.

Таңатаров өзбекстандық Самандар Джалоловты жеңді. Сондай-ақ 5 боксшымыз жартылай финалға жолдама алды. 48 келідегі Теміртас Жүсіпов жарысты бірден ширек финалдан бастап, жергілікті боксшыдан басым түссе, 60 келідегі Талғат Сырымбетов венгриялық Марк Адоль Балохты жеңіп, жартылай финалға шықты. 71 келіде жұдырықтасатын Дархан Дүйсенбай жергілікті боксшы Наби Искандаровты ұтса, 86 келідегі Бекзат Таңатар  өзбекстандық Самандар Джалоловты жеңді. 92 келідегі Сағындық Тоғамбай да қарсыласын айқын басымдықпен ұтып, жарыстың жартылай финалына шықты.