Басты жаңалықтар

Бишімбаевтың соты онлайн көрсетілетін болды

Қуандық Бишімбаевтың соты онлайн көрсетілетін болды.

Әйелін өлтірді деп айыпталған бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевтың соты онлайн көрсетілетін болды, деп хабарлайды Жоғарғы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап KYN.KZ тілшісі. 

“Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот процесіне қоғамның жоғары қызығушылығын ескере отырып, осы іс бойынша ашық сот отырыстарының онлайн-трансляциясын ұйымдастыру туралы шешім қабылданды”, – делінген хабарламада. 
Айта кетейік, экс-министрге Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі, 5-тармақ (кісі өлтіру, басқа адамға қасақана қасақана өлім жасау, ерекше қатыгездікпен), сондай-ақ 110-бабы 2-бөлігі, 1-тармағы (жүйелі түрде ұрып-соғу жолымен немесе өзге де зорлық-зомбылықпен физикалық және психикалық азап шектіру) бойынша айып тағылған.