"Ұзатудан кейін өз көлігін тастап кеткен": Төреғали жары Толқынға сыйлаған жаңа көлігін көрсетті
Ол Толқынның бұрыннан тәжірибелі жүргізуші екенін жеткізді.
Эстрада жұлдызы, әнші Төреғали Төреәлі жары Толқынға сыйлаған көлігін әлеуметтік желідегі парақшасында көрсетті, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
Төреғали өзінің көлік жүргізу құқы жоқ екенін айтып, Толқынның бұрыннан тәжірибелі жүргізуші екенін жеткізді.
"Толқынға жақында алып берген көлігіміз – Lexus rx 300. Бір қызығы, осыдан 10 жыл бұрын екеуіміз қыз бен жігіт болып жүріп жүргенде дәл осындай маркалы машинасы болған еді. Ұзату күні жақындағанда “сенің үйіңе машинаны алып барайын ба?” деп сұрады. “Тастап кете бер, кейін бізде бәрі жақсы болса, саған осындай көлік алып беремін” деп айттым. Міне, сол уәдемді орындап, қыз күніндегі көліктің су жаңасын сыйладым. Барлығына бірге жетуге болады”, – деп айтты әнші.