Басты жаңалықтар

Тоқаев ірі компаниялардың жетекшілерімен кездесу үшін Қытайға барады

28-29 наурыз күндері Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен барады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Боао Азия форумының сессиясына қатысу үшін 28-29 наурыз күндері Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Ақорданың Баспасөз қызметіне сілтеме жасап KYN.KZ ақпарат порталы.

Сапар аясында Қазақстан Президенті ҚХР басшылығымен, халықаралық ұйымдардың және Қытайдың ірі компанияларының жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.