Енді Қостанай облысын су басып жатыр
Ал бір күннене кейін Амангелді ауылында жағдай ушыққан.
Қостанай облысындағы Амангелді ауылы су басты, деп жазады Тobolinfo.kz-ке сілтеме жасап KYN.KZ тілшісі.
25 наурызда Арқалық елдімекенінде алғашқы су тасқыны болған. Ал бір күннене кейін Амангелді ауылында жағдай ушыққан.
Ауыл тұрғындарың айтуынша, су үйге дейін жеткен. Әсіресе малға қауіп төніп тұрғанын айтады. Тұрғындар өмірі мен дүние-мүлкі үшін алаңдаулы.
Айтуынша, оқиға орнында 18-ге жуық құтқарушы жұмыс істеп жатыр, бірақ олардың жұмысы жеткіліксіз. Сондай-ақ, тұрғындар жергілікті билік су тасқынына дайын болмаған айтады.
«Халық әбігерге түсті. Билік су тасқынымен күресте қауқарсыз. Ең негізгі Сейфуллин көшесін су басты. Мұнда екі мектеп орналасқан», - деп дабыл қақты тұрғындар.