"Жауапсыздық": әкімдік ғимараты суға кеткені үшін Орал қаласы әкіміне сөгіс жарияланды
Төреғалиев Орал қаласында жасалған жұмысқа көңілі көңілі толмай, әкім Миржан Сатқановқа қатаң сөгіс жариялады.
Батыс Қазақстан облысында әкім Нариман Төреғалиевтың жетекшілігімен су басу қаупіне қатысты облыстық жедел штаб отырысы өтті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат порталы.
Жиында облысқа қарасты қала мен аудан әкімдері су тасқынының алдын алу үшін қандай іс-шаралар атқарғаны жөнінде баяндады.Төреғалиев Орал қаласында жасалған жұмысқа көңілі көңілі толмай, әкім Миржан Сатқановқа қатаң сөгіс жариялады.
Су тасқынына дайын болмағансыңдар. Қала әкімдігі ғимаратының өзі суға кеткен. Бұның бәрі жауапкершіліктің жоқтығын білдіреді. Кеше, және бүгін қаланы аралап жүрмін, кейбір шағын аудандарда мен келгенде ғана жұмыс басталып жатты. Орал қаласы әкіміне қатаң сөгіс жариялаймын. Қала мен аудандар күшейтілген режимде жұмыс істеулері керек. Жағдайды тәулік бойы бақылауда ұстаңдар, – деді облыс әкімі.