Қоғам

Әйелін өлтірді деп айыпталған Бишімбаевтың соты қашан өтетіні белгілі болды

Алқабилер алқасына 12 адам таңдалды.

Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилерді іріктеу аяқталды, деп хабарлайды Жоғарғы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап KYN.KZ ақпарат порталы.

27 наурыхжа Астана қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қ.Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилерді іріктеу өтті.

Алқабилер алқасына 12 адам таңдалды: 10 - негізгі құрам, 2 - қосалқы.

Ашық режимде өтетін келесі сот отырысы 2024 жылдың 27 наурызында сағат 16:00-ге белгіленді, - делінген ақпаратта.