Мәдениет

Түрікменстанда Анев-2024 түркі әлемі мәдени астанасының салтанатты ашылуы өтті

Жиынның ашылуында сөз алған ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев Анев қаласы мен осынау даланың түрікмен халқының киелі отаны, ұлы түрікмен тарихы, бірегей мәдени мұрасының кеніші екенін атап өтті.

Анев-2024 түркі әлемі мәдени астанасының салтанатты ашылуы Түрікменстанның Ахал облысы Ак будай қаласының Наурыз жайлауында өтті, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Түркі әлемінің мәдениет, өнер тарихы тоғысқан іс-шараға Түрікменстан премьер-министрінің орынбасары Михрижамал Мамедова, Түрікменстан Сыртқы істер министрі Рашид Мередов, Түрікменстан Мәдениет министрі Атагелді Шамурадов, ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев, Түркі Мемлекеттері Ұйымының Бас хатшысы Кубанычбек Өмірәлиев, Түркі академиясының президенті Шахин Мұстафаев, Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының президенті Ақтоты Райымқұлова, Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрінің орынбасары Сердар Чам, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің орынбасары Ербол Әліқұлов, Қырғыз Республикасы Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрінің орынбасары Марат Тагаев, Өзбекстан Республикасы Мәдениет министрінің орынбасары Муроджон Мацидов, Венгрия Үкіметі Мемлекеттік комиссары Петер Хоппал, ТИКА президенті Серкан Каялар және түркі әлемінен келген қонақтар қатысты.

Шараның салтанатты ашылуында Түрікменстан премьер-министрінің орынбасары Махрижамал Мамедова Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовтың қатысушыларға жолдаған хатын оқып берді.

Бердімұхамедов ТҮРКСОЙ мен Түрікменстан арасындағы өте тығыз ынтымақтастық пен атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарға тоқталған. Түркіменстан мен ТҮРКСОЙ арасындағы халықаралық мәдени ынтымақтастықтың кезең-кезеңімен дамып келе жатқаны атап өткен. Мерв қаласының 2015 жылы түркі әлемінің мәдени астанасы болып жариялануы осы ынтымақтастықтың мысалы болғанын және осы шаралар барысында түркі елдерінен келген қонақтардың қатысуымен ұйымдастырылған көптеген мәдени іс-шаралар тарих беттерінен мәңгілікке орын алады деген.

Сондай-ақ ол түркі әлемінің мәдени астанасы Анев-2024 пен түркі әлемінің ұлы ойшылы, ақын Махтумкулу Фирагидің 300 жылдық мерейтойының бір-бірімен тұспа-тұс келуі тектен тек емес екеніне тоқталған. Оның шығармаларындағы бейбітшілік пен адамгершіліктің асқақтап, халықаралық аренада бірлік пен бауырластық жырындай жаңғыра беретініне кәміл сенетінін баяндаған.

Жиынның ашылуына сөз алған ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев Анев қаласы мен осынау даланың түрікмен халқының киелі отаны, ұлы түрікмен тарихы, бірегей мәдени мұрасының кеніші екенін атап өтті. Сондай-ақ Раев Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов пен Түрікменстан Халк маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовке шексіз алғысын білдірді.

«Әзиз достарым, түркі әлемінің мәдени астанасы атағы 7 мың жылдық тарихы бар Анев қаласына өте керемет жараса кетті. Өркениет бесігінде 2024 жылы көптеген шаралар ұйымдастырамыз. Түркі әлемінің ту ұстаушысы ретінде таңдалған бұл қала түркі бірлігінің, бауырластық пен достықтың символы ретінде көзге түспек, Мұнда өнер адамдары мен мәдениет қайраткерлері бас қоспақ. Осылайша мәдениетіміз бен өнерімізді болашаққа апаратын тұғырды одан әрі нығайта түсеміз», – деді ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев.  

Шарада сөз алған Түркі Мемлекеттері Ұйымының Бас хатшысы Кубанычбек Өмірәлиев ТҮРКСОЙ мен өзі басқарып отырған ұйым арасындағы ынтымақтастыққа тоқталды.

«Анев қаласын түркі әлемінің мәдени астанасы деп жариялау арқылы түркі өркениетінің тағы бір көне мәдени асылын жаһандық қоғамдастыққа таныстыруды мақсат етіп отырмыз. Анев мәдениеті адамзатқа белгілі ең көне өркениеттердің біріне куә. Ғасырлар бойы сақталып келе жатқан Анев қорғаны мен Сейіт Джемалеттин мешітінің қирандылары бұл жерлерде ежелгі дәуірден бері ұлы өркениеттің бар екендігінің дәлелі. Сондықтан Анев ескерткіштері біздің ғылыми ортамызда терең зерттеліп, олардың маңыздылығы мен тарихи құндылығын дәріптеуге қажетті қадамдар жасалуы керек»,  – деген пікір білдірді.

Салтанатты ашылудан соң түркі әлемінің 9 елінен келген 650-ден астам өнерпаз концерттік бағдарламасын ұсынды. Олар Түркіменстан өнер сүйер қауымына өз елінің ерекше, әсем әуендері мен билерін көрсетті.  

Анев-2024 түркі әлемі мәдени астанасының салтанатты ашылуы Түрікменстанның Ахал облысы Ак будай қаласының Наурыз жайлауында өтті.

Жиынның ашылуында сөз алған ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев Анев қаласы мен осынау даланың түрікмен халқының киелі отаны, ұлы түрікмен тарихы, бірегей мәдени мұрасының кеніші екенін атап өтті. Сондай-ақ Раев Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов пен Түрікменстан Халк маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовке шексіз алғысын білдірді.