"Қарызы 2,7 млн теңгеден асқан": Абай облысында алимент төлемеген ана бір жылға сотталды
Үржар ауданы бойынша сот орындаушылар мұндай жаза алимент төлемей жүрген басқа борышкерлерге сабақ болатындығы жөнінде айтты.
Абай облысының Үржар ауданында тұратын әйел балаларына алимент төлеуден жалтарып келген. Әйел әкімшілік жауапқа тартылып, заңды жаза тағайындалды. Үржар ауданы бойынша сот орындаушылар мұндай жаза алимент төлемей жүрген басқа борышкерлерге сабақ болатындығы жөнінде айтты, деп жазады Zakon.kz-ке сілтеме жасап KYN.KZ ақпарат порталы.
Бүгінге дейін әйел адамның балалары алдындағы қарызы 2,7 млн теңгеден асқан.
Абай облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған сотының үкімі бойынша ҚР ҚК-нің 139-бабымен (Балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау, еңбекке қабілетсіз ата-аналарын, еңбекке қабілетсіз жұбайын (зайыбын) күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеуден жалтару) бір жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, ҚР ҚК-нің 44-бабы 1 бөлігімен жылына 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тартылған болатын.