Индонезияда лай көшкіні салдарынан 10 адам жоғалып кетті
Табиғи апат салдарынан 9 ауыл тұрғыны жоғалып кеткен.
Индонезияның Батыс Ява провинциясындағы лай көшкінінің салдарынан 10 адам жоғалып кетті, деп жазады Синьхуа ақпарат агенттігіне сілтеме жасап KYN.KZ тілшісі.
Батыс Бандунг табиғи апаттарды азайту агенттігінің мәліметінше, құтқарушылар іздеу жұмысын жалғастырып жатыр. Табиғи апат салдарынан 9 ауыл тұрғыны жоғалып кеткен. Іздеу-құтқару операциясы жүргізілгендіктен, хабар-ошарсыз кеткендер саны онға дейін артқан.
Медиа агенттігінің басшысы бірлескен құтқару тобы жоғалған 10 жергілікті тұрғынды, оның ішінде 4 баланы табу үшін іздеу жұмысын кеңейткенін мәлімдеді.
Агенттік басшысы сондай-ақ 400-ден астам ауыл тұрғыны ауыл әкімшілігі ғимаратында және мектептерде уақытша орналастырылғанын айтты.