"Су шайған үйлер мен көпірлер бар": Ақтөбе облысының әкімі су тасқынына байланысты үндеу жасады (видео)
Облыс әкімі тілсіз жауға шара жоқ екенін айтып, дауған жауып да оны асқындырып жіберді дейді.
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров су тасқынына байланысты атқарылып жатқан жұмыстарды айтып, Facebook-тегі ресми парақшасына видео жариялады, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
Облыс әкімі тілсіз жауға шара жоқ екенін айтып, дауған жауып да оны асқындырып жіберді дейді.
"Қазіргі уақытта аймақта су шайған жолдар, көпірлер мен өткелдер, су басқан үйлер мен аулалар бар. Кеше ауданда болсам, бүгін қаланы жаяу жүріп қарап шықтым. Материалдық шығынды құрылған комиссия анықтайтын болады. Тұрғындарымызға сабырлығы үшін алғысымды білдіремін. Ешбір адам назардан тыс қалмайды. Барлық әкімдер, Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, әскери құрылымдар, полицейлер күндіз-түні де жұмыла жұмыс істеп жатыр, Олар атқарылған шаруаларды өз деңгейінде БАҚ және әлеуметтік желілерде жариялап отыр. Су тасқынына қарсы штаб, ахуалдық орталықтағы операторлар тәулік бойы ақтөбеліктердің қоңырауына жауап беріп отыр, тиісті көмек көрсетіп жатыр", - деді ол.
Сондай-ақ Асхат Шахаров әр қашан халықпен бірге екенін айтып, жұмыла жұмыс істеуге шақырды.
Айта кетейік, 26 наурыздан бері Ақтөбе облысының су басқаны жайлы редакциямыз жазып келеді. Қазір Ақтөбе аймағындағы Шұбарқұдық кентінде қауіп сейілмей тұр. Қырдан аққан қызыл су үйлерді басып жатыр. Ал Жаңажол газ өңдейтін зауыт пен Қотыртас ауылы арасындағы облыстық маңыздағы жолда көлік қатынасына шектеу қойылды. Бұл трассаға да еріген қар суы жиналып жатыр.