Басты жаңалықтар

Қаңтар оқиғасында оққа ұшқан Айкөркемнің өліміне кінәлі әскери қызметкерге сот үкімі оқылды

Сотталушыға 7 жылға бас бостандығынан айыру үкімі оқылып, сот залында қамауға алынды.

Қаңтар оқиғасы кезінде 4 жасар Айкөркем Мелдеханды өлтірді деп айыпталған әскери қызметкер Арман Жұманға сот үкімі оқылды, деп жазады KYN.KZ тілшісі. 

Сотталушыға 7 жыл бас бостандығынан айыру үкімі оқылып, сот залынан қамауға алынды.

«Үкімге қанағаттандым. Бірақ әзірге нәтижеге көңілім толады деп айта алмаймын. Десе де бүгінгі үкімге қанағаттанғанымды тағы қайталаймын», - деді зардап шеккен тараптың адвокаты Жан Күнсеркин.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы гарнизоны әскери соты 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде 4 жасар Айкөркем Мелдеханның өліміне қатысты «қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланды» деп айыпталған әскери қызметкер Арман Жұманды ақтап шыққан болатын.