Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Аялдамада тұрмаңыз": Астана әкімдігі қала тұрғындарына ескерту жасады

"Аялдамада тұрмаңыз": Астана әкімдігі қала тұрғындарына ескерту жасады
www.fluentu.com. Cуретте: жаңбыр, қолшатыр, ер адам
Үйлердің қабырғаларында, аялдамаларда, билбордтардың жанында, ағаштардың астында ықтанбаңыз.

Ауа райының нашарлауына байланысты Астана әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарынан көшеде сақ болуды сұрайды, деп жазады KYN.KZ тілшсі.

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша, бүгін, 29 наурызда Астанада жауын-шашын (негізінен жаңбыр) болады деп күтілуде. Оңтүстік-батыс жел кейде екпіні 15-20 м/с құрайды.

Құтқарушылар тұрғындардан өте сақ болуды сұрайды. Үйлердің қабырғаларында, аялдамаларда, билбордтардың жанында, ағаштардың астында ықтамаңыз. Сынған сымдар мен тербелмелі белгілерге жақындамаңыз. Автокөлікті ескі және жалғыз тұрған ағаштардың жанына қоймаңыз.

Төтенше жағдайлар кезінде Астана билігі «109» қызметіне хабарласуды сұрайды.

Бүгінгі таңда қаланың барлық коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеуде.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар