"Нашақор ғой": марқұмның үш баласы көмекке зәру деген күзетшінің көршісі сұхбат берді (видео)
- автор Томирис Тоныкөк
- 29 наурыз, 2024
- 44.5k
Алматыда 45 жастағы ер адамның қолынан қаза тапқан күзетшінің отбасы көмекке зәру, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
Мәлім болғандай марқұмның артында 3 баласы қалыпты. Асыраушысынан айрылған отбасы көмекке мұқтаж. ZTB-ға берген сұхбатында көршісі күдіктінің үйіне үнемі полиция келетінін айтады. "Нашақор ғой" дейді ол. Тіпті әкесі Талдықорған облысы прокурорының орынбасары боп қызмет істепті. Қара жамылған отбасына көмектесу үшін «Нұрболға» (марқұмның есімі) деп мына Каспий Банк есепшотына қаражат жіберсе болады.
Чунетов Жоламан Жумабекович
АО Kaspi Bank
CASPKZKA
KZ41722C000031813479
По номеру: 87024828087
Айта кетейік, оқиға бойынша адам өлтіру дерегімен қылмыстық іс қозғалды.
Еске сала кетейік, оқиға 29 наурыз күні түнгі сағат 2 жарым шамасында "Самал-3" ықшам ауданы 25, "Меркур Тауэрс" тұрғын үй кешенінде болған. 45 жастағы алматылық күдіктінің тұтқындалғаны хабарланды. Полицейлер келгенде күдікті 14-қабаттан секіріп кетпекші болған.