"Қыз бала жоспарладық": Ерке мен Раим Стамбұлға неге барғандарын айтты
"Стамбұлға менің сөмкелерімді ұстайтын қызды жоспарлап келдік қой", - деп жазды әнші.
Эстрада жұлдызы Ерке Есмахан Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында Стамбұлға қыз бала жоспарлап барғандарын айтты, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
Кадрда қос ғашық Мәрмәр теңізінің жағасында қол ұстасып тұр.
"Стамбұлға менің сөмкелерімді ұстайтын қызды жоспарлап келдік қой", - деп жазды әнші.
Айта кетейік, өнер иесінің алғашқы некесінен бір ұлы және Раимнан тағы бір ұлы бар. Ерке енді өзінің сөмкелерін ұстайтын қызды армандап жүр.