Көкшетауда көпқабатты үйдің подъезі өртеніп, 80 адам эвакуацияланды
Өрттің себебі анықталып жатыр.
30 наурызда Көкшетауда Баймұқанов көшесіндегі төрт қабатты тұрғын үйдің подъезінде өрт шығып, 80 адамды эвакуациялауға тура келді, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі Zakon.kz.-ке сілтеме жасап.
Өрттің және одан кейінгі эвакуацияның себебі - бірінші қабаттағы подъездің ағаш терезе жақтауларының отқа орануы.
Эвакуация жұмысымен өрт сөндірушілер мен полиция айналысты. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
25 шаршы метр аумақты алған өрт сағат 07:55-те сөндірілді.
Өрттің шығу себебі анықталу үстінде.