Басты жаңалықтар

Үлкен Алматы көлінде қар көшкіні жүрді

Алматы қаласындағы Үлкен Алматы көлінде қар көшкіні жүрді.

Бұл жайында Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарланды.  Түскен массаның жалпы көлемі — 1800 текше метр.  Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар жоқ.  

Дегенмен төтеншеліктер қала халқы мен қонақтарға таулы аймақта серуенге шықпауға кеңес беруде.