Мәдениет

Асхат Тарғын: сергекті көбейтіп, насыбаймен алыспай қызыл судың алдын алу керек еді

Әнші Асхат Тарғын туған жерінің су басып, халықтың бар жиғаны суға кеткеніне билікті кінәлады.

Әнші Асхат тарғын су алған туған жеріне қысты күні барып, қардың қалың түскенін көзімен көргенін айтады. Сөзінше оған аса үлкен зерттеу жасаудың қажеті жоқ еді. Өйткені ерімей тұрған қалың қар ағатын қала ішінде арық, сыртында дамбы жоқ.

"Осының бәрі 30 жыл бойы түк істелмегеннің кесірі. Ақтөбе қаласының ішінде су ағар арықтар жоқ, қала сыртында су ұстайтын дамбы жоқ. Ауылдағы жағдай мүлдем нашар. Қаншама үй, қаншама мал-мүлік суға кетті. Кімді кінәлаймыз? Тағыда халықтыма, "апат айтып келмиді" деп құтыла салады әйтеуір. Бұл апат айтып келді, өйткені қыста барғанымда даланың қары жылдағыдан өте көп жауғанын көзіммен көрдім.

Айтып едім мына қар ерісе даланы ауылды су басады деп. Еліміздің барлық аймақтарын су басып жатыр, өкінішті… сергектерді көйбейткенше, болмайтын насыбаймен айналысқанша, осы су басу каупіне дайындалу керек еді, алдын ала шараларды жасау керек еді. Сөзім жоқ. Алла жар болсын халқыма…",-деп жазды әнші Асхат Тарғын.