Су тасқынынан зардап шеккен адамдарға шығынның бәрі өтеледі - Премьер Министр (видео)
Бектенов Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен шұғыл кеңес қорытындысы жөнінде пікір білдірді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен шұғыл кеңес қорытындысы жөнінде пікір білдірді, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
"Мемлекет басшысы су тасқынына байланысты шұғыл жиналыс өткізді. Барлық құзыретті органдарға тиісті тапсырмалар берілді. Кінәлі тұлғалардың барлығы тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Зардап шеккен адамдарға шығынның бәрі өтеледі. Үкіметте штаб құрылып, барлық мәселелерді тәулік бойы бақылауда ұстайтын болады", - деді Бектенов.