Басты жаңалықтар

Петропавлда жолға жатып алған әйелді көлік басып мерт қылды

Жол жиегіндегі камераға көлік жүргізушісінің қашып кеткені түсіп қалған.

Петропавлдағы Жұмысшы кентінде әйел көлік астына түсіп мерт болды. Жол-көлік оқиғасы көшедегі бейнекамералардың біріне жазылып қалған, деп жазады KYN.KZ  тілшісі  kazinform- ға сілтеме жасап.

Бейнежазбадан көшеде тұрған әйелдің жол ортасына барып жатқанын көруге болады. Бір сәтте оны қатты жылдамдықпен келген көлік қағып кетті.   Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы 30 наурыз күні болған.  «Ауди» көлігінің 34 жастағы жүргізушісі 43 жастағы жүргіншіні соқты.

Жүргізуші жол-көлік оқиғасы орнынан қашып кетті. Полиция қызметкерлері ер адамды жедел түрде анықтады.  Осы оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды.  Әйел алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды.  «Қазіргі уақытта істің мән-жайын анықтау мақсатында барлық тиісті шаралар қолға алынды. Оның қорытындысы бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданады» делінген баспасөз хабарламасында.