Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ақтөбеде 52 өзбектің өртеніп кетуіне қатысты тың дерек шықты

Ақтөбеде 52 өзбектің өртеніп кетуіне қатысты тың дерек шықты
ашық дереккөз
Автобустың өртенуіне қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды
Ақтөбе облысының прокуратурасы Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында автобустың өртенуі салдарынан 52 Өзбекстан азаматының қаза табуына байланысты істі сотқа жолдады, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
5 адам айыпталушы деп танылды. Оның 3-еуі автобус жүргізушісі және "Азия транзит сервис" ЖШС 2 қызметкері – құрылтайшы мен серіктестіктің механигі. Аталғандардың міндеті – рейске шығар алдында автобусты тексеру.
"Компания құрылтайшысының әрекеті коммерциялық ұйымдарда міндеттеріне адал қарамау (ҚК-нің 254-бабы), екі және одан көп адамның қаза болуына әкеп соққан жарамсыз автокөлік құралын пайдалануға енгізу, сондай-ақ ресми құжатты қолдан жасау, көрінеу жалған құжатты пайдалану (ҚК-нің 385-бабының 1 және 3-бөліктері) ретінде сараланды", — деп жазылған хабарламада. Механиктің әрекеті екі және одан көп адамның қаза болуына әкеп соққан жарамсыз автокөлік құралын пайдалануға шығару (ҚК-нің 348-бабының 4-бөлігі) ретінде, ал автобус жүргізушілерінің әрекеті екі және одан көп адамның қаза болуына әкеп соққан көлік құралын пайдалану қағидаларын бұзу (ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігі) және екі және одан көп адамның абайсызда қаза болуына әкеп соққан өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзу (ҚК-нің 292-бабының 3-бөлігі) ретінде сараланды. Сот автобус жүргізушілеріне қамауда күзетпен ұстау түрінде бұлтартпау, серіктестіктің басшысы мен механикке қатысты кепіл түрінде бұлтартпау шарасын таңдады. Автобус иесіне күзетпен қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасы тағайындала отырып, халықаралық іздеу жарияланды. Естеріңізге салайық, 18 қаңтарда Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында Самара — Шымкент тасжолында автобус өртеніп, 52 адам қаза болды, барлығы Өзбекстан азаматы.  
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар