Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы Наталья Годунова қызметінен босатылды
Мемлекет басшысы жарлыққа қол қойды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Наталья Годунова Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы лауазымынан босатылды.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Наталья Николаевна Годунова Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы лауазымынан босатылды», - деп хабарлады Ақорда.