Қоғам

«Қызылордалық полиция майоры әйелін ұрып, мүгедек қылды»: заңгер көмек сұрайды (видео)

Заңгердің айтуынша, полиция майоры әйелін жүкті кезінде сабаған.

Заңгер әрі қоғам белсендісі Ләззат Ракышева өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында майор шеңіндегі ер адамның әйелін мүгедек ұып қойғанын айтып, билік пен халықтан көмек сұрады, деп жазады KYN.KZ тілшісі.

«Біздің @onestopservice_1qadam орталығының қорғауында қызымыз! Күйеуі Қызылорданың полиция майоры “экс” осы әйелін жүкті кезінде ұрып соғып, өмір бойына мүгедек қылды. Бұның алдында жүкті кезінде ұрып баласын түсірген екен! Істі қаншама рет жапты! Қаншама мүгедек болған әйелдің құқығы тапталып жатыр! Кешегі туған ағам зорлады деген істе сотқа жетпей жабылып қалды! Қызылорда облысында заң барма? Әлде ойларына келгегін жасайтындар жиналған ба? Кешегі 9 сынып қызы өгей әкесінен екі қабат болған істі де жауып жатырсыңдарма? @tokayev_life @prokuratura.govkz @akordapress @qriim_mvdrk Бізде тағы да қанша әйел мүгедек болып, не өлу керек күйеулерінің қолынан? Қашан жемқорлардың көзін құртасыңдар? Бүгінгі болып жатқан апаттар қайдан келіп жатыр біздің елге?», - деп ол билік пен халықтан көмек сұрады.