Мәдениет

Алтынай Жорабаева: су тасқыны жылда қайталанатынын біледі, неге алдын алмайды?

Әнші су тасқыны жайлы видеоларды бөлісуге жүрегі дауаламайтынын айтты.

Эстрада жұлдызы, әнші Алтынай Жорабаева су тасқынына қатысты ойын өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жазды. Ол уақытында апаттын алдын алмаған билік өкілдерін кінәлады, деп жазады KYN.KZ тілшісі.

"Парақшама су апаттарын түсірген виеоларды салуға жүрегім ауырып тұр. Онсыз да көріп отырған боларсыздар. Иә, апат айтып келмейді. Бірақ жылда осы жағдай қайталанып отыратынын біледі ғой. Неге соның алдын алу жұмыстары жасалмайды? Бізде тек қағаз жүзінде ауызбен орақ орып, бәрін керемет деп есеп береді. Сөз жүзіндегі "Әділетті Қазақстан", қашан іс жүзіндегі "Әділетті Қазақстан" болады екен? Тағы сол, баяғы халықтың өзі ақша жинап, гуманитарлық көмек көрсетуде. Көмек көрсетуді ұйымдастырып жатқан жандарға Алла разы болсын! "Көп түкірсе көл" демекші, осы қасиетті Рамазан айында барынша бір-бірімізге жақсылық жасайық. Бұл да бір Алланың сынағы ғой. Біреуді осылай табиғат апатымен сынаса, біреуді, сол жағдайға қол ұшын бере ме екен деп сынап жатқан болар. Не болса да, Алла хайырлысын беріп отыр", - деп жазды әнші Instagram-парақшасына.