"Адам өлтіруге оқталу": Қарағанды облысында атыс боп, ер адам ауруханаға жеткізілді
Оқиғаның Шет ауданы Ағадыр ауылында болғаны анықталды.
Қарағанды облысындағы ауылдардың бірінде топтық төбелес соңы атысқа ұласты. Бір ер адам жараланды, деп хабарлайды Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап KYN.KZ тілшісі.
Атыс видео Denski_blog паблигінде тарады. Оқиғаның Шет ауданы Ағадыр ауылында болғаны анықталды. Төбелестің не үшін шыққаны әлі белгісіз. Ведомство істің тергеліп жатқанын мәлімдеді.
"31 наурызда Ағадыр ауылындағы емдеу мекемесіне жергілікті тұрғын аяғындағы оқ жарақатымен келген. Полиция "Адам өлтіруге оқталу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталды. Тергеу жүргізілуде", - деп хабарлады Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.