Бишімбаев: мен кешірім күтпеймін
Бишімбаев марқұм әйелінің туыстарынан кешірім сұрап, оны адамдық парыз деп білетінін айтты
Сотталушы Қуандық Бишімбаев кешірім сұрап, кешірім күтпегенін айтты. Сондай-ақ, ол Салтанатты қасақана өлтірді деген айыптауға қатысты кінәсін мойындамайтынын қайталады.
"Шындығында, маған бірдеңе деу өте қиын. Біріншіден, түсініп, ешқандай кешірімге үміттенбестен, бұл менің адамдық парызым... Мұнда жәбірленушілер, оның туыстары, оны жақсы көргендердің барлығы, оның ата-анасы отыр. Шынымды айтсам, оның өлімі ауыр тиді. Мен кешірім сұрағым келеді. Мен кешірім күтпеймін. Бірақ бұл менің ішкі парызым, жанымның қалауы.
Мен бұл орны толмас қайғы екенін түсінемін және осы жағдайларға өзімнің қатысым бар екенін білемін. Бұл бірінші. Екіншіден, өзімнің кінәсіз екенімді және өз кінәмді мойындамайтынымды айта отырып, әйелім Салтанатты қасақана, саналы түрде, жоспарлы түрде аса қатыгездікпен өлтіруге кінәлі емес екенімді түсіндіргім келеді", - деді Бишімбаев.