Қоғам

Абай облысының тұрғыны көпірден көлігімен бірге құлап, мерт болды

Қайғылы оқиға Алматы-Өскемен тасжолының 976-шақырымында болған.

Абай облысының тұрғыны көлікті басқара алмай, көпірден құлап кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz-ке сілтеме жасап KYN.KZ тілшісі.

Қайғылы оқиға Алматы-Өскемен тасжолының 976-шы шақырымында болған.

Lada Kalina жүргізушісі көлікті басқара алмай, қоршауға соғылып, салдарынан көпірден құлап кеткен. 23 жастағы жігіт оқиға орнында мерт болған.

Полицейлер оқиғаның мән-жайынанықтап жатыр.