Қоғам

Алматы маңында тағы да жер сілкінді

Астана уақытымен 08:56-да Алматыға 108 шақырым жерде жер сілкінді.

2 сәуірде Астана уақытымен 08:56-да Алматыға 108 шақырым жерде жер сілкінді. Бұл туралы жерасты дүмпулерін сейсмикалық станциялар желісіне сілтеме жасап KYN.KZ тілшісі хабарлайды.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан шығысқа қарай 108 шақырымда Қазақстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9,1, MPV магнитудасы – 4,4", – делінген Қазгидромет хабарламасында.