Басты жаңалықтар
Тоқаевтың су тасқыны болған өңірлердің біріне баратыны хабарланды
- автор Томирис Тоныкөк
- 2 сәуір, 2024
- 517
Наурыз айының соңынан бері Қазақстанның 10 аймағын су алып жатыр.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев су басқан өңірлердің біріне бармақ. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі жеке парақшасында бөлісті, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 4 сәуір күні су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің біріне жұмыс сапарымен барады. Сапар туралы қосымша ақпарат кейінірек хабарланады», - деп жазды Уәли.
Айта кетейік, наурыз айының соңынан бері Қазақстанның 10 аймағын су алып жатыр. Билікте ауыс-түйіс жүріп жатыр. Ал тұрғындарға жайлы жер мен жағдай жасалып жатқаны жайлы хабар әлі жоқ.