Спорт

«Шахтер» командасының бас бапкері Игорь Солошенко өз еркімен қызметінен кетті

Ұлттық құрама сапында 1998-2005 жылдарда ел намысын қорғады.

Футболдан Қарағандының «Шахтер» командасының бас бапкері Игорь Солошенко өз еркімен қызметінен кетті, деп хабарлайды Malim.kz-ке сілтеме жасап KYN.KZ ақпарат порталы.
команданың баспасөз қызметіне Игорь Солошенко 1996-2013 жылдарда кәсіби футболда қазақстандық «Шахтер», «Жеңіс», «Тобыл», «Ертіс», «Оқжетпес», «Ақжайық» командаларында қорғаушы міндетін атқарды.

Ұлттық құрама сапында 1998-2005 жылдарда ел намысын қорғады.

2015 жылдан бері «Шахтер» сапында спорт директоры қызметін атқарса, одан кейін бапкер болды. 2020-2023 жылдарда «Шахтер-Болат» клубында бас бапкер қызметінде еңбек етті.

Өткен жылдан бері «Шахтердің» тізгінін ұстады. Былтыр ел біріншілігінде команда 11-орынға тұрақтап, Премьер-лигадағы орнын сақтап қалды.

Биыл қарағандылық клуб 3 турдан кейін бірде-бір ұпайға қол жеткізе алмай, турнир кестесінде ең соңғы орынды місе тұтып тұр.

Енді қарағандылық ұжымның бас бапкері міндетін Андрей Финонченко атқарады.