"Неке жүзігін, брослет пен сырғаны лақтыра бастады": Бишімбаев Нүкенованы VIP залынан әжетханаға апарып не істегенін айтты
Сотта сөз алған Биішімбаев VIP залынан әжетханаға неге барғанын айтты.
Астанада әйелі Салтанат Нүкенованы ұрып өлтірді деп айыпталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесі қайта жалғасып жатыр, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
Сот Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы 3 сәуірде сағат 10.00-де өтеді деп хабарлаған болатын. Сот отырысы алқабилер қатысуымен ашық режимде өтіп жатыр.
Сотта сөз алған Бишімбаев VIP залынан әжетханаға неге барғанын айтты.
"VIP залында айқайлап бастады. Басқа адамдардан ұят деп оны әжетханаға апардым. Аузына келгенін айтып, боқтық сөз араластырып жатты. Қолындағы бірінші сыйлығым брослетті, неке жүзігі мен, ұзатуда анамның таққан сырғасын лақтырды шешіп. Мен де ашуландым. Өзімді сол кезде жоғалттым. Өйткені қатты ашуландым", - деді ол сот залында.