«Көйлегімді жырттың деп ашуланды»: Бишімбаевтың сотынан ТІКЕЛЕЙ ТРАНСЛЯЦИЯ
Суреттерден кейін Бишімбаевқа сөз кезегі келді.
Астанада әйелі Салтанат Нүкенованы ұрып өлтірді деп айыпталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесі қайта жалғасып жатыр, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
Алқабилердің қатысуымен өтіп жатқан сот отырысында қорғаушылар VIP залы мен әжетханадағы суреттерді жариялауды өтінді. 75, 51, 54 нөмірлі суреттер судьяға көрсетілгеннен кейін сот залындағылардың назарына ұсынылды. Алайда камераға 1 ғана сурет көрсетілді. VIP залының суреті ғана. Судья қорғаушы тарапқа ескерту жасады.
«Сіздерде ескерту жасаймыз. Маған көрсеткен суреттеріңіз басқа, ол жерде көрсеткен суреттеріңіз басқа», - деді судья.
Суреттерден кейін Бишімбаевқа сөз кезегі келді.
«VIP залында «Сенің кесіріңнен болды бәрі. Сен мені осы жағдайға жеткіздің» деп айқайлап жатты. Сосын темекі шегуге кеттім. Келсем, бөлмені кілттеп алыпты. Салта аш дедім. Болмағасын штатифпен есікті ұрдым. Сосын ашты. Рубашкамды жыртты, мен де оның рубашкасын жырттым. Ол осыған қатты ашуланды», - деді Бишімбаев.
Айта кетейік, бұған дейін Ссотта сөз алған Биішімбаев VIP залынан әжетханаға неге барғанын айтқанын жазған болатынбыз.
«VIP залында айқайлап бастады. Басқа адамдардан ұят деп оны әжетханаға апардым. Аузына келгенін айтып, боқтық сөз араластырып жатты. Қолындағы бірінші сыйлығым брослетті, неке жүзігі мен, ұзатуда анамның таққан сырғасын лақтырды шешіп. Мен де ашуландым. Өзімді сол кезде жоғалттым. Өйткені қатты ашуландым», - деген ол.
Еске салсақ, бұрынғы министрге Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі, 5-тармақ (кісі өлтіру, басқа адамға қасақана қасақана өлім жасау, ерекше қатыгездікпен), сондай-ақ 110-бабы 2-бөлігі, 1-тармағы (жүйелі түрде ұрып-соғу жолымен немесе өзге де зорлық-зомбылықпен физикалық және психикалық азап шектіру) бойынша айып тағылған.