Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Енді жұмысқа орналасу немесе оқуға түсу кезінде әскери билет талап етілмейді

Енді жұмысқа орналасу немесе оқуға түсу кезінде әскери билет талап етілмейді
bangkokbook.ru. Суретте: әскери билет
Қарулы Күштердің жүргізіліп жатқан цифрлық трансформациясы бұл талаптарды жоюға мүмкіндік берді.

Енді жұмысқа орналасу немесе оқуға түсу кезінде заңды тұлғалар әскери билет талап етпейтін болды, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап KYN.KZ тілшісі.

Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, әскери қызмет өткеруге жататын адамдарды және мерзімді әскери міндеттілерді әскери есепке алу қағидаларының 6-тарауына сәйкес заңды тұлғалар әскери есепке алуды жүргізуге міндетті.

Қарулы Күштердің жүргізіліп жатқан цифрлық трансформациясы бұл талаптарды жоюға мүмкіндік берді.

Жұмысқа (оқуға) қабылданған азаматтардың әскери есепке алу мәртебесін анықтау үшін енді жұмыс берушіге Қорғаныс министрлігінің ақпараттық жүйесінен әскери есепке алу туралы ақпаратты бір рет басу қажет, – делінген министрлік хабарламасында.

Қорғаныс министрлігі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен және Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен бірлесе отырып, заңды тұлғаларға Әскери есепке алуды жүргізу қағидаларында көзделген қызметкердің жеке билеттерін толтыру үшін қажетті әскери есепке алу туралы ақпаратты алуға мүмкіндік беретін бірегей қызметтерді іске қосты. Енді осы санатқа ESUTD АЖ-де қызметкерлердің есебін жүргізетін үкіметтік емес ұйымдар да, Е-Қызмет АЖ-де қызметкерлердің есебін жүргізетін мемлекеттік органдар да кіреді.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар