"Шашынан тартып, бетінен ұрады": сотта Бишімбаевтың барда Салтанатты ұрған видеосы көрсетілді
- автор Томирис Тоныкөк
- 3 сәуір, 2024
- 1.2k
Бишімбаевтың сотында "Бау" мейрамханасынан ұрып-соққан видеосын көрсетті, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
"Сағат 07:16-да Бишімбаев лифттен шығып, Нүкенованы шашынан ұстап, тепкілейді. Нүкенова болса еденде жатқан. Сосын оның шашынан тартып, бетінен де ұрады. Қайта ұрады да, кетіп қалады, сосын қайтып келіп, оны шашынан тартып, сүйрейді. Оны шашынан сүйреп, VIP-кабинаға апармақболады. Сосын, менің білуімше, оны дәретханаға апарады. 07:19-да оны шашы1нан ұстап, дәретханадан алып шығады да, VIP-кабинаға қарай сүйрей жөнеледі", - деді прокурор.
Еске салсақ, бұрынғы министрге Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі, 5-тармақ (кісі өлтіру, басқа адамға қасақана қасақана өлім жасау, ерекше қатыгездікпен), сондай-ақ 110-бабы 2-бөлігі, 1-тармағы (жүйелі түрде ұрып-соғу жолымен немесе өзге де зорлық-зомбылықпен физикалық және психикалық азап шектіру) бойынша айып тағылған.