Басты жаңалықтар

Байжанов сотта Бишімбаевтан қысым көріп жатқанын айтып, бөлек отырғызуын сұрады

Үзілістен кейін Байжановтың адвокаты сот төрағасына ұсыныс жасады.

Елордада Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот процесі Бишімбаев сотта жауап беруін жалғастырды, деп жазады KYN.KZ тілшісі. 

Үзілістен кейін Байжановтың адвокаты сот төрағасына ұсыныс жасады. 

"Айыпталушылар Байжанов пен Бишімбаев бөлек отырса бола ма? Бишімбаевтың Байжановпен байланыспауы үшін. Байжановтың қалауы сол. Олар қазір жанжалдасып қалған", - деді Байжановтың адвокаты.

Ал Байжанов өзінің қысым көріп жатқанын айтты.

"Ол маған айғақ беруге қатысты "былай деп айт, былай деп айт" деп қайта-қайта қысым жасап жатыр" , - деді Байжанов. Сот бұл мәселені қарастыратынын айтты.