Салтанаттың телефонындағы хаттар оқылып жатыр: Бишімбаевтың сотынан ТІКЕЛЕЙ ТРАНСЛЯЦИЯ
Прокурор 10 желтоқсан 2023 жылы жазылған заметканы оқыды.
Елордада әйелін өлтірді деп күдікке ілінген Бишімбаевтың соты басталды. Сотта Нүкенованың телефоны қаралып жатыр, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
Салтанат Нүкенованың телефонында 40-тан астам «заметкаға» жазған хаты бар екен. Прокурор 10 желтоқсан 2023 жылы жазылған заметканы оқыды.
«Қуандық, мен Павлодарға кетем, сосын келмеймін. Саған деген сезімімнің қалмағанын түсіндім. Ештеңені сақтап қалғым келмейді. Сен көзіме шөп салғаның үшін кешірім де сұрамадың. Психотеравтке бар дедің. Ұмыт, мені кешір, мені жайыма қой. Мен ата-анамның жанында болам», -деп жазған Салтанат.
Қорғаушылардың бірі Бишімбаевқа көзіне шөп салған мен терапевт жайлы айтқан сөзді түсіндіруін сұрады. Бишімбаев бұл жазбасын көрмегенін айтты.
«Бірінші рет естіп тұрмын. Психотерапевтке келетін болсақ, мен үнемі оған консультация ал деп айтатынмын» деген ол Салтанаттың видеоқоңырауларына жауап бермегені үшін «көзіне шөп салғанын ойлады» деп ақталды.