"Өлім фактісінің анықталғанына налыдым": Бишімбаев тергеу изоляторында өзіне қол салмақ болған ба?
Десе де прокурор оның өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын растамады.
Елордада өткен сот отырысында Бишімбаев күйзеліске түсіп, өзіне қол жұмсамақ болғанын айтты, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
"Салтанаттың өлімі туралы фактінің анықталғанына налыдым, күйзеліске түстім”, – деді Бишімбаев прокурордың сауалына жауап беріп тұрып.
Алайда мемлекеттік айыптаушы оны көп уақыттан бері бақылап жүргенін, өз-өзіне қол жұмсағысы келген деген фактіні жоққа шығарды.