Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақ баласы көпшілікке өзін асырап алған шетелдік анасын көрсетті (видео)

Қазақ баласы көпшілікке өзін асырап алған шетелдік анасын көрсетті (видео)
Ол өзінің Instagram-парақшасына Вареримен видео-қоңырау арқылы тілдесіп, қазақ достарына көрсеткісі келетінін айтады.

Осыдан бірнеше ай бұрын Қазақстанға келіп, биологиялық анасын іздеген Марат Савелиев өзін бала күнінен асырап алып, бағып-қаққан шетелдік анасы Валериді көрсетті, деп жазады KYN.KZ тілшісі.

Ол өзінің Instagram-парақшасына Вареримен видео-қоңырау арқылы тілдесіп, қазақ достарына көрсеткісі келетінін айтады. Асырап алған анасы оған қарсы емес екенін, барлық сұраққа жауап беретінін жеткізеді.

«Құрметті әкелер, аналар, аға-әпкелер! Бұл мені асырап алған анам Валери. Ол маған Испанияға Бельгиядан қонаққа келді. Валери мені асырап алу үшін 2004 жылы Қазақстанның Арқалық қаласына келген. Сіздердерде көптеген сұрақтың барын сеземін. Пікір алаңына сұрақтарыңызды қойыңыз, Валери оларға жауап бере алады деп ойлаймын.

«Валери неге бала асырап алды? Неліктен Валери баланы Қазақстаннан асырап алғысы келді?» деген сынды сұрақтар сіздерді де толғандыратын болар?», - деп жазды ол желідегі парақшасына.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар