Қоғам

Қадір түні оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қадір түні күллі мұсылмандар үшін үлкен нығметке толы күн

2024 жылы Қадір түні сәуір айының 5 мен 6-сына қараған түнге келіп отыр. Бұл түні бүтін мұсылман құдайға құлшылық шараларын жасап, тағдырын жақсылау үшін сәждеге жығылып, алдағы өміріне нығмет күтеді, деп жазды KYN.KZ  тілшісі.

Қадір түні күн батқаннан сәресіге дейін жалғасады.

Қасиетті түнде қандай ізгі амалдар жасаған дұрыс?

Қадір түні кірместен бұрын дәрет алып, таза ниетте қарсы алған дұрыс. Бұл түні жасалуы тиіс істердің қатарында намаз оқу, құран оқу, өткен күнәларды енді жасамасқа тәубе етіп, кешірім тілеу, жалбарынып дұға тілеу, садақа жасау керектігін айта аламыз.

Абзал амалдар:

Құлшылық жасап, намаз оқу;

Құран оқып, мағынасын түсіну;

Діни білім алып, уағыз тыңдау;

Тәпсі тартып, зікір ету;

Діни кітаптарды оқу;

Көп дұға қылу;

Мүмкіндігінше мешітке келу;

Садақа жасау;

Құран қызметінде болатын амал жасау.

Қадір түні оқылатын дұғалар:

1. Ықлас сүресін 100 рет оқу керек.

Бисмилләһир рахмәнир рахим. Қуль һу уаллаһу аһаді. Аллаһус самаді. Ләм иәлиді, уә ләм иуләді. Уә ләм иәкуль ләһу куфууән ахаді.

Ықлас сүресінің қазақша мағынасы: "Алла біреу ақ. Алла мұңсыз. (әр Нәрсе Оған Мұқтаж). Ол тумады да туылмады. Әрі Оған ешкім тең емес".

2. Қадыр сүресі – 100 рет.

Бисмилләһир рахманир рахим. Иннә әңзәлнәһу фи ләйләтил қадыр. Уә мә әдракә мә ләйләтул қадыр. Ләйләтул қадри хайрум минәл фи шәһр. Тәнәззәлул мәләикәту уәр руху фи һә биизни раббиһим мин кулли әмр. Сәләмун һиә хатта мәт ләғил фәжр.

Қадір сүренің қазақша мағынасы былай болып келеді: "1. Біз Оны (Құранды) қадір түні түсірдік. 2. Қадір түнінің не екенін білесің бе? (Аллаһ Тағала білдірмесе) қайдан білесің? 3. Қадір түні мың айдан да артық. 4. Ол түні Аллаһтың рұқсатымен кез-келген іс үшін Рух пен періштелер түседі. 5. (әсіресе ол түнді ғибадатпен өткізгендер үшін) таң атқанға дейін Аллаһтың рақымы мен есендігі жауады".

3. Лә иләһә иллаллаһ, Мухаммәдур расулуллаһ – 100 рет.

Қазақша мағынасы: Алладан басқа Тәңір жоқ, Мұхаммед оның елшісі.

4.Әшһәду әллә иләһә иллаллаһ, уә әшһәду әннә Мухаммәдән ғабдуһу уә расулуһ – 100 рет.

Қазақшасы: Алладан басқа ешбір тәңір жоқ және Мухаммед Оның Елшісі және құлы екендігіне куәлік беремін.

5.Астәғфируллуһ – 500 рет.

6. Лә иләһә иллаллаһ уахдәһу лә шарикәләһ, ләһул мулку уә ләһул хамду, уә һуә ғалә кулли шәйин қадиир – 100 рет.