Гүлжан Ерғалиева журналистердің үстінен арыз жазды
Оның айтуынша, өзіне қатысты жалған ақпараттары бар мақалалар «El media» арнасындағы шулы хабардан кейін жарияланған.
Журналист Гүлжан Ерғалиева Алматы және Астанадағы әріптестерінің үстінен арыз жазды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі Malim.kz-ке сілтеме жасап.
Оның айтуынша, өзіне қатысты жалған ақпараттары бар мақалалар «El media» арнасындағы шулы хабардан кейін жарияланған. Онда экс-министр Қуандық Бишімбаевтың адвокаттары Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты өз ұстанымдарын білдірген болатын.
Еске салсақ, бұған дейін Астана қалалық Полиция департаменті журналист Данияр Әділбековтің үстінен қылмыстық іс қозғалған болатын.
Қылмыс жасағаны туралы көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін азамат «Ә»-ға қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп түсіндірді полициядан.
Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, сот журналистке қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.