Қазақ жігіті Тайланд қызына сырға салып, қазақы салт бойынша ұзатып алды (видео)
Бойжеткен қазақтың дәстүрімен ақ орамалын тағып, қазақтың келіні атанды.
Желіде Тайланд қызына сырға салынып жатқан видео тарады, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
Екі жастың есімі - Мирас пен Юхуа көрінеді.
Кадрда қазақтың салт-жоралғылары бойынша, сырға салу мен қолына сақина тағу дәстүрі көрсетілген. Сызылған Тайланд қызы басына ақ орамал тағып, үстіне қызыл халатын киіп алған.
Желі қолданушыларының бірі екі жасқа бақыт тілеп жатса, енді бірі "Тайландтың еркегі боп шықпасын" деп пікір қалдырып жатыр.