Қоғам

Ақтауда есепшотты төлемей қашып кетпек болған кафе қонақтары атыс шығарған

Қонақтарды тоқтатпақ болғанда олар атыс шығарған.

Ақтауда кафеге келген есепті төлемей кетіп қалмақ болған қонақтар жанжал басталғанда оқ атқан, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап. 

Олар ішкен-жеген есебін төлемей кетіп қалғысы келген. Алайда оларды кафе қызметкерлері тоқтатпақ болғанДа жанжал туындап, келушілердің бірі тапаншадан әуеге оқ атқан. Зардап шеккендер жоқ. 

Оқиға орнына патрульдік полиция мен арнайы жасақ келіп, қазіргі таңда оқиғаның мән-жайын құзырлы органдар анықтап жатыр.